Внимание!!!
Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының кассацияқ сатыдағы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев к-сі, 39.
+7 (7172) 74-77-18
Жәбірленуші/ Азаматтық талапкер: …………
ЖСН: ………..
Алматы қаласы, …………. ықшам ауданы 9 үй.
тел: 8 707 ………..
Сотталушы/ Азаматтық жауапкер: ……….
ЖСН: …………..
Алматы қаласы, ……….. ықшам ауданы, 23 үй, пәтер№…..
тел: 8 707 ………….
Өтінішхат
күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы
31 қазан 20…. жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамында судья ………. төрағалығымен, процеске қатысушылармен Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры ……………. мемлекеттік айыптаушы ретінде, сотталушының қорғаушысы, адвокат ……………, жәбірленуші ………….. және аудармашы …………… қатысуларымен ашық сот мәжілісінде жалпы тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен сотқа берілген, 1969 жылғы 21 наурызда Жамбыл облысында туылған, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, Алматы қаласы, «…………» ықшам ауданы, №23 үй, №…. пәтерде тұратын, жұмыс істемейтін, жоғарғы білімді, тіркелген некеге тұрмайтын, сотталмаған, бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылған ………….. қатысты қылмыстық істі қарап онда Сотталушы …………… бөтеннің мүлкін алдап және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқыру ниетімен, 20.. жылы шілде айында жәбірленуші ………… өзінің танысы ………….. арқылы хабарласып Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас ауылдық округінен 8 соттық жер телімін 12 000 АҚШ долларына алып беремін деп алдап, жәбірленушінің сеніміне кіріп, сенімділік қатынастарды пайдалана отырып және қабылдаған міндеттемені орындауға ниеті болмайтынын біле тұра, 20.. жылы 30 шілдеде Алматы қаласы, Шаляпин мен Саиын көшелерінің қиылысында жәбірленушінің 6000 АҚШ долларын алдап алып, оны өз керегіне ағайындарымен қосылып жаратып, ақшаны қайтармай, ірі мөлшерде алаяқтық жасап, жәбірленушіге аталған сомаға залал келтіргенін мойындаған.Және аталған жақын танысы куәгер ………… нақты тұжырымды жауабы бойынша ………….. көп жылдар бойы таныс, және оның жерге мұқтаж адамдарды тарту ісімен Қарайсай ауданы БТИ қызметкерімін деп айналысатыны анық болған. Сонымен қоса ……….. төрт жыл бойы қашып, қаражатты қайтармай бой тасалап жүргені,және сотқа ұсынылған телефон диктофонына жазылған дәледемелер арқылы жәбірленушіні төрт жыл бойы алдап, балағаттап,қорқытып, қоқаң лоқы көрсетіп қорлағаны анықталған.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі істі тергеу барысында Әуезов аудандық ПБ жанындағы ПБ АБ нің анықтаушысы полиция лейтененты …………, жымқырылған қаражаттың 6000АҚШ долларын есептеуді соттың құзырына бермей, жәбірленушінің қарсылығына қарамастан,өз міндетіне алып, төрт жыл бұрынғы есеппен 899 580 тенге деп жаздырдып іске тіркеген. Жәбірленуші …………. , …………….. материалдық залал ретінде 6 000 АҚШ долларын, моральдық зиян ретінде 6 000 АҚШ долларын, жалпы соммасы 12 000 АҚШ долларын өндіру туралы қосымша талап қойып, аталған сомманы сот шешім шығатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамымен есептеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Алайда 20.. жылы 31 қазан күні Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамындағы судья ………… төрағалығымен, сотқа берілген …………. қатысты қылмыстық істі қарау барысында жәбірленуші …………….. талап арызын заңсыз қарамай, тек анықтаушы ………………… есебімен берілген соманы өндіртетінін айтқан. Және сол соманы жәбірленушінің қарсылығына қарамастан почта арқылы жәбірленішінің атына салдыртып, сотталушының жайын жеңілдету мақсатында жасаған. Барлығы сот отырысының жазбасында анық көрсетілген.
Содан соң,Сот: «Тараптардың пікірін тыңдап, және жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәлі адамның жеке басын, оның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайларды саралай келе деп Үкім еткен: …………… 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-бабы 3-бөлігі б)-тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танып, оған 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 1997 жылы қабылданған ҚК-тің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған мүлкі тәркіленбей, үш жылға сынақ мерзімі мен пробациялық бақылау белгіленсін және сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын және оқуын ауыстырмау жүктелсін және Сот мәжілісінде сотталушы жәбірленушіге мүліктік залалды толық өндіргенін айтты, алайда жәбірленуші сотталушымен ақшаны АҚШ долларымен алғанын, қазіргі кезде ол валютаның теңгеге шаққанда қымбаттағанын ескере 1 990 440 теңге мүліктік шығынды және 1 990 440 теңге моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қойды. ҚПК-тің 166-бабына және «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 20 маусымдағы 2005 жыл № 1 Нормативтік қаулысына сәйкес қылмыстық процесте жеке тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады. Қылмыстық iс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi. Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады деп анықтап жәбірленушіге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген 899 580 теңге мүлiктiк зиянның өтелгендіктен және мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайтындықтан, жәбірленушінің талап арызы қараусыз қалдыруға жатады деп есептей келе Жәбірленуші …………. сотталушы ………….. жәбірленушіге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген 899 580 теңге мүлiктiк зиянның өтелгендіктен, 1 990 440 теңге мүліктік шығынды және 1 990 440 теңге моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын»- деп Қаулы шығарды.
Жәбірленуші ………….. Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20.. жылғы 31 қазандағы үкімімен келіспей Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына апелляциялық шағым жазған, апелляциялық шағымда сотталғанға тағайындалған шартты жаза жеңіл деп санайтынын атап айтқан өйткені Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының 11 бабы «Қылмыс санаттар» 4-тармағына сүйенсек Жасалған қылмыс үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын, қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады делінген. Сонымен қатар сотталған моральдық зиянды Жәбірленушіге өтеуден бас тартқанын және материалдық залалды оған сот шешім шығарған күнгі курспен есептемегенін көрсетіп, сотталғанға қолданған ҚК-нің 63-бабын жойып, сотталғанға бас еркінен айыру жазасын тағайындап, оған келген залалды толық өндіруді сұрап жазған.
Алайда, жәбірленушіні сотқа шақырмай,-өзі сотқа себепсіз келмеді, сотты сыйламады деп келтіріп, 21 желтоқсан 20.. жылы Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы құрамында төрағалық етуші алқа төрағасы ……….., алқа судьялары ………… және …………… болып, « Адвокат К.М. ……….., сотталған ……….. үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы пікірлерін тыңдап»- деп, «бірінші сатыдағы соттың сотталғанға тағайындалған шартты жазаның қылмыстың ауырлығына сай болмағандықтан күші жойылуға жатады деген апелляциялық шағым уәждері негізсіз болып табылады, сондықтан сот алқасы үкімді өзгертуге не күшін жоюға негіздер жоқ»- деп Қаулы еттіп Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 31 қазан 20.. жылғы ………… жөніндегі үкімі өзгеріссіз, жәбірленуші …………… апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын деген қаулы шығарды.
Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот ………….. қатысты айыптау үкімін шығарып, жәбірленуші ………….. азаматтық талап қоюын қараусыз қалдыру туралы 20.. жылғы 31 қазанда бөлек қаулы шығарған еді.
Бұл қаулыны уақытылы алмауына байланысты, …………. қаулыға шағым беру мерзімін өтіп кетуіне байланысты, оны қалпына келтіру жөнінде бірінші сатыдағы сотқа өтініш білдірген. Сот 20… жылғы 13 ақпандағы қаулысымен ………… шағым беру мерзімін қалпына келтіру жөніндегі өтінішін қанағаттандырусыз қалдырып, ……………. мүліктік және моральдық зиянды өндіру туралы жәбірленушінің азаматтық талап қоюын қараусыз қалдыру жөніндегі 20… жылғы 31 қазандағы сот қаулысының заңдылығына апелляциялық сот алқасының 20… жылғы 21 желтоқсандағы қаулысымен баға берілген деп негіздеген. Аталған қаулы Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 20.. жылғы 04 сәуірдегі қаулысымен тағыда өзгеріссіз қалдырылған.
Бірақ, керісінше,сол мезгілде Алматы қаласы Бостандық аудандық№2 сотының 20.. жылғы 18 сауірдегі қаулысымен Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметінің ауыр қылмыс жасап сотталған ………….. қатысты ұсынысы қанағаттандырылып, ҚР «Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабының 2 бөлігіне сәйкес оның жаза мерзімін қысқартып берген.
Сонымен жәбірленуші …………….. төменде көрсетілген:
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 31 қазандағы үкімімен, аталған соттың 20… жылғы 31 қазандағы қаулысымен;
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20.. жылғы 21 желтоқсандағы қаулысымен;
сотталған ………….. қатысты сот үкімімен, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 13 ақпандағы қаулысымен;
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20… жылғы 04 сәуірдегі қаулысымен;
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 13 ақпандағы жәбірленуші …………. шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы өзгеріссіз қалдырылған қаулысымен.
Сот актілерімен келіспей Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына кассациялық тәртіппен қылмыстық істі қайта қарау өтінішхаты жолданды.
20.. жылы 27 ақпан күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағалық етуші судья ……….., судьялар …………, …….. болып, тарпатардың қатысуымен келтірген өтінішхаты бойынша кассациялық тәртіппен қылмыстық істі қарап, Қаулы етті:
………………. қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20.. жылғы 31 қазандағы үкімінің және Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20… жылғы 21 желтоқсандағы қаулысының азаматтық талап қою бөлігінде күші жойылсын;
……………. қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 31 қазандағы және 20… жылғы 13 ақпандағы қаулыларының, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20… жылғы 04 сәуірдегі қаулысының күші жойылсын;
………… қатысты қылмыстық іс азаматтық талап қою бөлігінде Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына басқа сот құрамында жаңадан қарауға жіберілсін;
Жәбірленуші ………….. өтінішхаты ішінара қанағаттандырылсын деп шешім қабылдаған еді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 27 ақпан 20… жылғы Қаулысы бойынша Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 24 сәуір 20… жылы сот алқасы құрамында төрағалық етуші судья ………., судьялар ………. және ……… болып, тарптардың қатысуымен азаматтық талап қою бөлігі күші жойылған қылмыстық істі қарап, Қаулы етті:
Сотталған ………… қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 31 қазандағы үкімі өзгертілсін.
Жәбірленуші ………… қатысты азаматтық талапты қараған бөлігінің күші жойылып, жәбірленуші ……………. азаматтық талаптары қанағаттандырылсын.
Азаматтық жауапкер ………… азаматтық талап қоюшы ………… пайдасына ………… теңге өндірілсін.
Сотталған ………….. мемлекет пайдасына 10 828 теңге баж алымы өндірілсін деген шешім қабылданды.
Аталған Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 24 сәуір 20… жыл Қаулысымен келіcпейміз өйткені қаулыда сот жәбірленушінің Конституциялық құқықтарын өрескел бұзып, азаматық құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектейтін өрескел заң бұзушылықтарына жол берді.
Апеляциялық сатыдағы соттың қаулысы қолданыстағы Қазақ елінің заңнамасына қарама қайшы келеді және істің мән жайларына сәйкес келмейтіні анық. Өйткені Апеляциялық сатыдағы сот жәбірленушінің азаматтық талап арызын ………… жәбірленушіге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген 1 333 174 теңге мүліктік зиянның өтелуімен шектелді. Ал 1 990 440 теңге мүліктік шығынды және 1 990 440 теңге моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылды .
ҚР ҚПК-нің 170 бабының 6 бөлігіне сәйкес сот талап қоюды: 1) сотталушы қылмыстық құқық құрамының болмауына байланысты ақталған; 2) есі дұрыс емес адамға мәжбірлеу шарасын қолдануға, іс тоқтаттылған; 3) іс осы Кодекстің 35 бабы 1 бөлігінің 5),7),8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған; 4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайда , қараусыз қалдырады.
Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Сотта ……….. мүліктік шығынды және моральдық зиянды өндіру жөніндегі азаматтық талап қоюы қаралмағаны заңсыз деп есептейміз. Өйткені Сотталушыны ешкім ақтаған жоқ, керісінше ауыр қылмыс жасады деп тауып кінәлі деп тапты, жәбірленуші бұл іс бойынша ешқандай да қараусыз қалсын деп арыз түсірген жоқ. Сол себепті соттың жәбірленушінің азаматтық талап арызын қараусыз қалдыруы заң талаптарына қарама қайшы келеді және қылмыстық процесуалдық заңның елеулі түрде бұзылуына әкеліп соқты.
Сот қаулысында ҚР АКнің 951 бабын заңсыз қолданып, Қ. Р. Жоғарғы сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» № 7 нормативтік қаулысын дұрыс талқыламай, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп сотталушы Алтай Дузбаевич Адановты ҚР ҚКнің 177 бабының 3 бөлігі б) тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп таныды да, заңсыз Азаматтық кодекстің 951 бабына сәйкес заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық мүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсіздік) арқылы келтірілген моральдық зиян өтелуге жатпайды және Қ. Р. Жоғарғы сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» № 7 нормативттік қаулысына сәйкес борышкердің мүліктік құқықтарын қозғамайтын міндеттемелердің тиісті түрде орындалмауы АҚнің 951 бабының 4 тармағына сәйкес моральдық зиянды өтеу мүмкіндігін болдырмайды деп сот заңсыз анықтама берді.
Сонда сот сотталушы ............ жәбірленушіге қарсы жасаған қылмысы ҚК- нің 11- бабы 4- бөлігі бойынша ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады деп нақты көрсетіп алып, оны қылмыскер емес, оны заңсыз борышкер жасап отыр. Ол жәбірленушіден қарызға ақша алды деп емес, алаяқтық жасап қылмыс жасады деп дәлелдеп тұр емес па, осы заңсыз шығарған қаулысымен сот өзі шығарған үкімді жоққа шығарып отыр. Заңда, қылмыстық істе, қылмыс жасау арқылы адамға моральдық, материалдық және физикалық зиян келтірілген дегенге негіз бар болса, онда сол адам жәбірленуші деп табылады деп көрсетілген. Қазақыстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71-бабында «Жәбiрленушi», келесідей мәлімет берілген: Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады делінген және жәбiрленушiге қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк зиянды қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етiледi деп нақты аталып кеткен.
ҚК Заңында анық көрсетілген: «Моральдық зиян- ол, егер, адам қылмыс кезінде, қылмыс салдарынан жан куйзелісіне ұшыраса, қорланса, кемсітілсе, қиындыққа ұшыраса, дискомфорттық куйде болса,ден саулығына зиян келсе.. т.т ол адам моральдық зиян шекті деп саналады»- деп көрсетілген. Сонда соттың, 2012 жылдан бастап ………… жәбірленушіге мүлкітік алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқыру, алаяқтықпен саралап қылмыс жасаған деп танып, ………….. жәбірленуші деп тани отырып, моральдық зиян шеккен жок деп шешу нағыз заң бұзушылық.
Сот, алаяқтың жәбірленушіге жер алып беремін деп алдап дүниесін жымқырғаны, уйсіз-куйсіз қалдырып, төрт жыл бойы алдап, балағаттап, қорқытып, мазақ қылып қорлағанда жәбірленуші: қорлыққа, психикалық куйзеліске, дискомфорттық жағдайға, жан ауыруына түскен жоқ деп, жәбірленушінің моральдік күйзеліске ұшырамады деп қабылдаған соттың шешімін қылмыстық істе Алматы қалалық Апелляциялық сот алқасы, сот отырысында, сот ҚР ҚПКнің 24 бабына сәйкес істің мән жайларын жан жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануға және заңды жан-жақты қарауға міндетті еді. Ендеше, азаматтық талапкердің мүліктік шығыны және моральдық шығыны өндірулуі тиіс еді бұл жағдайда соттың тым немқұрайлы қарағаны айдан анық.
Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 5 тармағында моральдық зиян залал келтіргеннің кінәлі болған жағдайында өтеледі және Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі деп көрсеткен. Және, осы нормативтік қаулының 6 тармағында АК-нің 917-бабының 1-тармағына сай, моральдық зиянды құқыққа қарсы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға оны толық көлемiнде өтеуге тиiс деп дөп басып айтылған.
Талқылап қарасақ: Көп жылдар бойы алаяқтықпен, мемлекеттік мекеменің атын жамылып, сол мекемелердің астарлы қызметтерін пайдаланып айналысқан, мемлекетке бірде бір тиын салық төлемеген ………… бірінші сатыдағы соттың шешімінде: «Сотталушының жасаған қылмысы ҚК -нің 11- бабы 4 -бөлігіне сәйкес ауыр қылмыстар қатарына жатады. Сот аталған мән жәйларды және жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін кінәлі адамның жеке басын, оның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлардың болуын және ауырлататын мән жайлардың болмауын, жәбірленушінің жаза жөніндегі пікірін және құқық бұзушылық салдарынан келтірілген мүліктік залалдың өтелуін ескере отырып, сотталушыға ҚК нің 177- бабы 3 -бөлігі б) тармағына көрсетілген санкцияның шеңберінде жаза тағайындауды және ҚК -нің 63- бабын қолданып, сотталушы жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген түйінге келіп, оған тағайындалған жазаны шартты деп санауды пайымдайды.Аталған жаза түрі әділ, әрі сотталушының түзелуіне және оның тарапынан жаңа қылмыстарды болдырмауға едәуір ықпал етеді»- деп шығарған Үкім мен қылмыстық істі, азаматтық кодекстің 951 бабын пайдаланып моральдық зиян өтелуге жатпайды деп шығарған Қаулысының өзі заңды белшеден басып, жәбірленушіні мазақ қылып, құқығына да, өміріне де орасан зор қиянат жасағаны анық. Соттың осы шешімін саралап қарасақ:
1.- Қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, жеке басына көңіл бөлдік десе- онда, он жыл бойы …………. заңсыз жер ұсынып, мәжбүр адамдарды соған тартқаны, оның жәй ғана делдал емес екені сотта дәлелденген, және бұрын ҚР Азаматтық сотымен ірі мөлшерде қарызы бойынша сотқа тартылған, оны қайтармаған( 5 миллион қарызы жайында) Сонда қауіпті емес па? 2. Жеңілдететін мән жәйлардың болуын, жәбірленушінің пікірін,залалды өтелуін ескердік десе- онда,жәбірленушінің пікірі сотталушыға ауыр жаза тағайындауды сұраған, оған мүліктік залал да, моральдық зиян да өтелмеген сонда қандай жеңілдіктерге сүйенген? Керісінше, жәбірленушінің талабын біле тұра, сотталушыға жәбірленушінің атына почта арқылы, қулықпен, ескі курспен есептелген соманы салдыртып, сотта судья Б.Ж. Есенов жәбірленушіге қысым жасап тұрып, почтадан көріп келуін талап еткені соттың аудио видео жазбасында анық айтып тұр. Соттың жазғандырған тіл хатында да жәбірленуші қаражатты алғанын емес, көргенін жазған.Сосын соны ары қарай шешім шығаруға пайдаланған. 3. Сотталушы жазаны өтемей түзелуі мүмкін деп,шартты жаза беріп оның тарапынан жаңа қылмыстарды болдырмауға едәуір ықпал етеді деген- онда, ал, сотталушы А. Д. Аданов бірінші сатылы соттың шешімінен соң еш бір сот процессіне қатыспаған. Ол сот шешімін орындамай, тұрғылықты жерін 24.04.20.. ж соттың отырысы аяқтала сала, Алматы қаласынан, өзі қызмет көрсеткен облыстық мекемелерге сеніп,өзі ол жерде тұрмасада, Алматы облысына ауыстырған. Өйткені,соттың атқару қағазын облыстық Сот орындаушылар палатасының сот орындаушысына өтеді.Яғни, Сот орындаушыға сол өңірден әсер етуге жеңіл болады. Оған дәлел: Облыстық Сот орындаушы …………. Алматы қалалық сотынының, онсызда бір жарым ай бойы кешіктіріп берген атқару қағазы бойынша істі, екі ай бойы бастамай, жәбірленушінің Әділет Министрлігіне жазған арызынан соң ғана, істі тіркеген. Қазіргі таңда, Әділет министрлігінің бақылауымен сот орындаушы, қатаң ескерту алған …………., сотталған …………. сотқа беріп іздеу салғанын хабарлады. Пробациялық мерзімде жүрген кәсиби алаяқ ……… бұл іс –әрекеті ешқандай сот шешімін сыйламайтынын,еш заң алдында бағынбайтынын көрсетеді. ҚК -тің 430- бабына сәйкес: « Сот шешімін алты айдан астам уақыт орындамаған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылады»- деген тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек, алайда,осы заңға қарама қарсы жүретін Жоғарғы Соттың 2003 ж №12 нормативіне байланысты: «Егер борышкердің сот актісін орындауға мүмкіндігі жоқ болса қылмыстық жауапкершіліктен босайды»- деген бөлігін, құзырлы органдар, соттың талабы бойынша: «Борышкердің мүмкіндігі жоқ дегенге-- борышкердің дүние мүлкі жоқ, жұмысы жоқ, банкте шоты жоқ болса босатылады» деп жеңіл қарап, еркіне жіберетінін алаяқ ………. жақсы біледі, көздегені сол болған. Яғни,Соттың шартты түрде берген жазасын керек етпейтін кәсиби алаяқ ………… өз атында дүние мүлкін, банкте қаражатын ұстамайды,және сот шешімін өз еркімен орындамайды деген сөз. Бұл мәселе барлық заң органдарына белгілі жағдай. Сол себептен,бұл жағдайды, алаяқтықпен қасақана ауыр қылмыс жасаған ……….., бір күн де абақтыға отырғызбай,дүние мүлкін тәлкілемей, материалдық залал мен моралдық шығындарын өтеткізбей, жәбірленушіні жылатып тұрып, алаяққа шартты түрде жаза берген бірінші сатының Судьясы …………….. жоғарыда аталып кеткен шешімде,сотталушыны барынша бейкүнә етіп көрсетіп, азаматтық кодекстің заңдарына суйеніп, қылмыскерді --заңсыз борышкер жасағаны, жәбірленушінің қылмыстық істе қаралу керек азаматтық талабын қараусыз қалдыруы, қылмыскердің мүддесін қолдап, толық босап шығуын қамтамассыз еткен деп есептейміз. Және Алматы қалалық аппеляциялық соты 24.04.20..ж жәбірленушінің жағдайының ауырлығына дұрыс баға беруді мүлдем ойламай, сотқа келмейтін сотталушының адвокаты бұрынғы судья қызметін атқарған ………….. пікірін көбірек тыңдап, Әуезов аудандық сотының Судьясы ………… шешімімен толықтай келісті. Ал сонда жәбірленушінің құқығы қайда қалды? Яғни, сот, жәбірленушінің моральдық зиян шеккенінің қаншалықты зор екенін қасақана ескергісі келмейді деген сөз. ҚПК-нің 168-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы (04.04.2013 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 1 нормативтік қаулысының 15-тармағына сәйкес, мүлікті ұрлау салдарынан келтірілген зиян жәбірленушіге шешім қабылданатын күні қалыптасқан бағалар ескеріле отырып өтеледі. Келтірілген зиянды шешiм шығаратын күні қалыптасқан бағаларды ескеріп өндіру туралы ұқсас талаптар «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі (31.03.2017 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 5 нормативтік қаулысының 20-тармағында да көрсетілген.
Бұл жағдайда азаматтық талап қою мөлшерінің ұлғайтылуы доллар бағамының ұлғайтылу жағына қарай нарықтық өзгеруімен байланысты және айыптау шегінен шығу болып табылмайды деп есептейміз.
Сот тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген 6000 АҚШ долларын көлемінде мүлiктiк зиянның өтелуіне сілтеме жасап, қылмыстық істі ………… сотқа берілген айыптау шегінде қараумен шектеліп, жәбірленушінің азаматтық талап арызы бойынша материалдық залал ретінде 6 000 АҚШ долларын, моральдық зиян ретінде 6 000 АҚШ долларын, жалпы соммасы 12 000 АҚШ долларын толығымен өндірілуін негізсіз қараусыз қалдырды.
Азаматтық талап қоюды басты сот талқылауында қарау кезінде келтірілген зиянды шешім қабылданатын күні қалыптасқан бағаларды ескеру арқылы өндіруді сұраған жәбірленушінің уәждерін сот назардан тыс қалдырған және тиісті тексерусіз қалдырып, оларға баға бермеді.
ҚР ҚПК-нің 484-бабында «Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері» баяндалған онда Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды делінген.
Мұндай жағдайда жоғарыда аталған заң талаптарының орындамалмауы азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге әкеп соққты. Сондықтан, іс бойынша қабылданған сот актісі азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге әкеп соққан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы себепті жойылуға, іс касациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолдануға жатады деп есептейміз.
Жаңадан қарау барысында сот аталған кемшіліктерді жойып, азаматтық талап қою бөлігінде жинақталған дәлелдемелерге тиісті бағасын беріп, заңды, негізді шешім қабылдауы қажет.
Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 485 бабында «Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері» корсетілген онда Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген кемшіліктер болғанда, жәбіленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға жолберілгенде, азаматтық талап қоюды дұрыс шешпегенде, қабылданған сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы біркелкілікті бұзған жағдайлар кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері болып табылады делінген.
Осыған орай Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 24 сәуір 2018 жылғы қаулысы жәбірленушінің азаматтық талап арызы бойынша шығарылған қаулысының заңсыз болуына байланысты бұзылуға жатады.
Осы жоғарыда көрсетілген мән жайларды ескере ҚР ҚПК-н басшылыққа ала отырып процессуалдық заң талаптарының сот тарпынан өрескел бұзылуына байланысты,
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2018 жылдың 24 сәуіріндегі қаулысын өзгертіп, жаңа қаулы қабылдау арқылы сотталушы ……….. жәбірленушінің азаматтық талап арызы бойынша материалдық залал ретінде 6 000 АҚШ долларын, моральдық зиян ретінде 6 000 АҚШ долларын, жалпы соммасы 12 000 АҚШ долларын Соттың шешімі шығатын күнгі тенгеге шаққан бағаммен есептеп толығымен өндірілуін.
Тіркеме:
1. ………………
Жәбірленуші/азаматтық талапкер:
_______________/ ……….
«__» _________20…жыл