Внимание!
Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55
НҰР ОТАН партиясына
……………..
ИИН .................
г. Алматы, пр. Абылай Хана, д. 79, 304 офис.
8 707 .....................
Арыз
Алматы қаласы Мемлкеттік зейнет ақы төлеу орталығы (МЗТО), Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы(ЖҚжӘББ),АҚ Мемлекеттік әлеуметтік сақтаныру қорының (МӘСҚ) бірлесіп жалған ақпаратпен азаматтарды сотқа беріп қорға ақшаны қайтару іс-әрекеттерін жасаған. Сол мемлекеттік мекемелердің жұмыстарында, тексеруші құзырлы органдардың назарын аударатын мән-жәйлар анықталғандықтан, барлық сол органдарға хат жолданған болатын. Ол жерде: Әуезов аудандық ЖҚжӘБ, жұмыссыздар санын азайтып статистика жасау мақсатында, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды, ойдан шығарған жұмыс орындарына жібердік деп, тіркеуден шешіп отырған, соның салдарынан МӘСҚ жұмыссыз азаматтар жұмысқа тұрып алып, қордың ақшасын арсыздықпен заңсыз пайдаланды деп, берілген жәрдем ақыны қайта өндіру мақсатында, ЖҚжӘБ -нің жалған жасаған тізімі арқылы тексермей сотқа берген. МЗТО-нын қолдарында азаматтардың жұмыссыз екені жайында толық ақпарат бола тұра, азаматтар заң бұзды деп, Қорды қолдап,азаматтарды сотқа беруіне жол берген. Ең бастысы ЖҚжӘБ өздері азаматтарды тіркеуден шешіп, сосын оларды айыптап қорға жүздеген адамның тізімін берген. Ол тізімде менде бар болып шықтым. Алматы қалалық прокуратурасына, қала Әкімшілігіне, ҚР Премьер- министр кеңсесіне, ҚР Президент әкімшілігіне хаттар жазылды. ҚР Премьер Министріне,ҚР Президент Әкімшілігіне жазған арыз міндетті түрде Бас прокуратураның назарына жіберіліп отырды. Өйткені, бұндай мәселе прокуратураның құзырында деп саналады. Бірақ, Бас прокуратураның жауабы үнемі: Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрлігіне (Министрлік) жібердік, өзіңіз күресіңіз деген жауап келеді. Сонда, бұл мемлекеттік мекемелердің жасап отырған заңсыз іс әрекетімен прокуратура емес азаматтар жеке куресі керек пе? Еңбек және Әлеуметтік сақтандыру министрлігіне—АҚ МӘСҚ мен ЖҚжӘББ қарасты емес. Министрлікке тиесілі- Мемлекеттік Зейнетақы төлеу орталығы ғана. Оның қателігі үшін, Министрлік бірнеше айдан бері жауап беру керек деп санаған емес. Алматы қаласы Акиматы да жауап беруден бас тартқан. Бұл мекемелердің, және Алматы акиматы, жұмыссыздар саны төменгі проценттік көрсеткішті құрайды деген жалған статистика үшін жасалатын жұмыстары салдарынан неге азаматтар, сотпен заңсыз қудалананып, зиян шегуі керек?
ЖҚжӘББнің жауабында қызметкері қателесіп кетіпті деді. Бірақ, сотқа ондаған азаматтарды жаппай берген. Сонда ол қаншалықты қателесу керек? Ол жұмысын дұрыс істей алмайтын қызметкер ешқандай жазаға тартылмай, керісінше, жұмысында жоғарыланған. ЖҚжӘББ нің қызметкерлерінің «қателесіп» жасадық деген 20.. жылғы тізімін, Қордың ақшасын арсыздықпен пайдаланды деп сотқа беруге 20.. жылы берген. Сол кезде ол азаматтарды МТЗО мен бірлесіп неге тексермеген. Ол 20.. жылы менің қарсы арызым бойынша сотта қателіктері анықталғанда, сол қызметкерлерді жазалау уақыты өтіп кеткен деген сылтау айтты. Кез келген мекемеде жазалау тәртібінің бірнеше түрі болады. Ал бұл мекемеде біреуі де «жоқ» екен. Өйткені, мекеме жалған статистика жасаумен айналысып келген деп санаймын. Бұндай әдіс, заң бұзушылық жасап отырып еш жазаға тартылмауы бұл мекемелерде прогресске әкелмейді деген сөз. Яғни, кезекте 20..-20..жж -дың «қателесіп кеткен» деген тізімдері тұр. Оны МЗТО мен МӘСҚ тексермей жаппай сотқа береді. Өйткені ,оларға да қалыпты жағдай.
Оған қосымша дәлел: Еңбек және Әлеуметтік сақтандыру министрлігінің министірі болған Б Сапарбаев, өзінің жақындағы мәлімдемесінде: әлеуметтік көмек алушылар жалған құжаттармен 21 мың тенге көмек алуда, және оларды қатаң тексерістен өткізу керектігін айтты. Неге олар үнемі алданады? Ол, сол мекемелердің дұрыс жұмыс істмейтінін дәлелі. Ал, Сапарбаев мырза құзырындағы мекемелердің жалған статистика құрып, заң бұзып отырғанын, соның салдарынан азаматтарды жаппай сотқа беріп жатқанын неге айтпады?!. Ол үшін ештеңе істегісі келмейтінін бір жылдан бері көрсетіп отыр. Менің арыздарыма нақты мәселе бойынша жауап бермей, бір біріне сілтеп, түсініксіз жауаптар бере салуға тырысты.
Сол себептен, осы аталған мекемелер, тиісті прокуратуралық тексерістен өтіп, тиісті ескерту алуы керек деп есептеймін және мемлекеттік мекемелер тәртібіне, әдебіне, жауапсыздық көрсеткенде, заң бұзушылық анықталғанда жазалар тағайындау шараларын енгізіп іске асыру керек. Өйткені, бұл мемлекеттік мекемелер жұмыстарын дұрыс атқару керек деп санамайды. Өзім куә болғандай, советтік дәуірден бері өзгермеген әдіспен жұмыс істейді. Бастығы жұмысына кешігіп келіп, оның хатшысы бастығынан кейін кешігіп келетін мекемеде жұмыс дұрыс қойылған деуге келмейді.
Осы жайтқа байланысты,Президент әкімшілігіне, Бас прокуратура, Алматы қаласы прокуратурасына арыздар жіберілген. Бірақ, олар Министрлікке жолдап отыр. Министрлік ЖҚжӘБбасқармасына сілтейді. Сонда олар, аталған мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеу тәртәбіне реформалық өзгерістер енгізуді, прокуратуралық тексерістен өткізуді ЖҚжӘБ басқармасы шешеді деп санайтын болып тұр.
Қорытынды: Прокуратура мен Министрлік өтініш шағымды оқымайды. Мемлекеттік тілде жұмыс жасай алмайды. Білімі жетпейді. Жұмыссыздықты жою жөніндегі жалған статистиканы қолдайды. Халықты ақымақ деп санайды
Осы мәселеге байланысты: "Нұр Отан" Партиясынан осы мәселеге жауапты мекемелер Мемлекеттік зейнет ақы төлеу орталығы (МЗТО), Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы(ЖҚжӘББ),АҚ Мемлекеттік әлеуметтік сақтаныру қорының (МӘСҚ) Еңбек және Әлеуметтік сақтандыру министрлігі, Бас прокуратураның жұмыссыздықты жөнінде жалған статистика жасауын тоқтатуды. Қызметкерлерді жуапсыздығы мен әдеп, тәртібіндегі кемшіліктері кесірінен азаматтарға зиян келтірмеуі үшін, реформалық өзгерістер енгізу арқылы лайықты жаза қарастырып, іске асыуын сұраймын.
__________/...................
«___»__________20.. год