Алматы қаласы
Бостандық аудандық сотына
Талапкер: ..............
ЖСН ................
Мекен жайы: Алматы қаласы, Әль-Фараби даңғылы, ..........., пәтер № .., 8 701 .........
Жауапкер: “......” СК” АҚ сақтандыру компаниясы
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, ...
..............
Т А Л А П А Р Ы З
сақтандыру төлем ақыны өндіру туралы
20.... жылғы қараша айының 2-ші жұлдызында Алматы қаласы Бостандық ауданы, “Әль-Фараби” даңғылы, ....... үйдің алдында менің жеке-меншік сериясы ДОС № ................. “Nissan Almera” маркасының тіркеу нөмірі ..... LTA .. автокөлігінің үстіне жауған нөсер жаңбыр мен қалың қардың салмағымен ауырланған ағаш бұтағы опырылып құлып, осы табиғи опаттың салдарынан мен үлкен материалдық шығынға ұшырадым.
Осы аталған автокөлікті 20.. жылдың шілде айының 24-ші жұлдызында сатып алған кезде менің және АҚ “Евразия Банк” - арасында банктік келісім-шарт жасалып және Банктен 3 462,830 (үш миллион төрт жүз алпыс екі мың сегіз жүз отыз) теңгеге, 3(үш) жылдық мерзімімен автокөлік алдым, айына 110 000 (жүз он мың) теңге несие төлеп келдім. Банктың алдындағы міндеттемемді мен бір жылдың ішінде, яғни 20... жылдың шілде айына дейін, толығымен өтедім.
Менің автокөлігім “Nissan Almera” мемлекеттік нөмірі KZ ..... LTA .. АҚ “Евразия” сақтандыру компаниясымен КАСКО тәсілі бойынша өз еркімен сақтандыру туралы келісім-шарт жасалған. Жылына 80 000 (сексен мың) теңге төлемі тағайындалып 20...-20... жылдарға 160 000 (жүз алпыс мың) теңге төледім. Демек, заңды түрде маған келген материалдық шығынды менің өтінішім бойынша “Евразиялық” сақтандыру компаниясы қарап шешуі тиіс болған, сол себепті 20... жылдың қараша айының 2-ші жұлдызында осы аталған мекемеге өтініш жазған едім, сол кезде компания автокөліктің шығынын 550 000 (бес жүз елу мың) теңгеге бағалаған, бірақ та “Евразия» СК” АҚ атқарушы диреторы ............. қолымен 20...жылы қараша айының 18-ші жұлдызындағы маған жолдаған хаттамасында менің шығынымды орнына қою туралы өтінішім қанағаттандырусыз қалдырылды.
“Евразия” СК” АҚ сақтандыру компаниясының менің өтінішімді қанағаттандырусыз қалдырған әрекетінде ешқандайда құқықтық негізі жоқтығы төмендігі мән-жайлар бойынша дәлелделінеді.
Атап айтсақ, осы маған келген шығын табиғи опаттың салдарынан болғанын анықтау үшін тиісті құзырлы мемлекеттік органдарға хабарласқанымда, Қазақстан Республикасының энергетика министірлігі “Казгидромет” шаруашылық жүргізу құқұғындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы боыйншы филиалының директорының орынбасары Е. Улжабаеваның қолымен 2015 жылдың қараша айының 2-ші жұлдызындағы анықтамасында метеорологиалқ станциясының бақылауы бойынша 20... жылдың қараша айының 1-2-ші жұлдызында Алматы қаласы Абай-Сейфуллина даңғылының бойында 20.. жылдың қараша аыйның 1-ші жұлдызында сағат 14-те қатты нөсер жауын басталып, аяғы қараша айының 2-ші жұлдызында 01 сағат 55 минутта қарға айналып, ол сол күннің таңғы 09 сағат 55 минутқа дейін жауған. Осы аралықта жауын-шашын мен қардың мөлшері – 26,2 мм шамада (күні бойы – 8,6 мм, түнде –17,6 мм), қардың қалыңдығы 15 см жетсе, ауа-райы 1,6 градус суықты көрсеткен.
Сонымен қатар, құзырлы мекеменің мәлімдеуіне қарағанда осы аралықтағы болған жауын шашын “қауыпты” гидрометеорологиялық құбылыс санатына жататындығын сипаттаған.
“География институты” ЖШС География институт директоры География ғылымының докторы, профессор А. Медеудің 20.11....ж. нөмір .... берген анықтамасына сүйенсек, ағаштың, талдың, бұтаның опырылып құлауы ғылыми түрде дәленделген, жәнеде осндай құбылыстың болуына себептердің бірі-ол қатты дауыл, жер сілкінісі, боран, дүлей - дауыл, көшкін және нөсер жауын мен қардың қалың жаууы, соның салдарнан тал, бұты өз салмағын көтере алмай опырылып құлауы табиғат опаттарының біріне жатады делінген.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім иниститутының ғылыми қызметкері филология ғылымдарының докторы ..... лингвистикалық сараптамасына жүгінсек, біріншіден, үшінші тармақтағы “опырылып құлау” тіркесі “сұрпал оппаттар” ретінде алынған жалпылауыш сөздің санамаланып көрсетілген опат жағдайларының брі болып табылады делінген.
Екіншіден, “опырылып құлау” тек таудың, жыныстың ғана емес, ағаштың, талдың да опырылуы болады.
Үшіншіден; “опырылып құлау” тіркесі құлайтын, морт сынатын заттардың барлығына ортақ сөз.
Төртіншіден, “опырылып құлау” тіркесі жалпы құлайтын заттардың барлығына қатысты, ал банк шартында “ненің опырылып құлауы” екені нақтыланып көрсетілмегендігін баяндайды.
“Қазақстан Республикасының ұлттық банкі” республикалық мемлекеттік мекемесі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құққықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары К. Калиеваның 25.12.20.. № ........... менің арызыма берген жауабында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Компанияға «География институты» ЖШС берген ғылыми анықтамаға сәйкес, ағаштың құлауын сақтандыру жағдайы деп тану негізінде, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мәселесіне қайта оралу жөнінде хат жіберетіндігін хабарлаған. Яғни, біздің жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі менің Компанияға қойған талабым заңды екендігін қосымша дәлелдейді.
Алматы қаласы Бостандық ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі ............ менің осы табиғи опатының болуына байланысты тиісті шара қолдану туралы шағымданған арызма берген жауабында, осы болған опатта қылмыс құрамының жоқтығына байланысты ҚР ҚІЖК- нің 37- ші бабының 1-ші тармағның 2-ші бөліміне сүйене отырп, қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандығын, ал опаттың кесірінен болған материалдық және моральдық шығындарды өндіру үшін азаматтық сотқа шағымдану құқұғымды түсіндірген.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің “Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі” Республикалық мемлекеттік мекеме бастығы .................... 24.11.20..жылы берген анықтамасында менің автокөлігіме ағаштың опырылып құлағандығын растайды.
Ал енді “Евразия” СК” АҚ сақтандыру компаниясның менің сақтандыру төлем ақымды талап еткен өтінішімді қанағатсыз қалдырып 20.. жылдың қараша айының 18-27 жұлдыздарында маған берген жауаптары ешқандайда құқұқтық негізі жоқ екндігін айта келе, оған дәлел жоғарыдағы құзырлы мемлекеттік мекемелердің берген анықтамалары, сараптамалары дәлел екендігін ескеріп, ҚР АІЖК нің баптарын басшылыққа ала отырып,
С Ұ Р А Й М Ы Н:
“Евразия” СК” АҚ сақтандыру компаниясынан және “Алматы қласы Табиғат рессурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінен менің пайдама 550 000 (бес жүз елу мың) теңге өндіруге.
Қосымша: - ........... жеке куәлігінің көшірмесі.
.
Талапкер: ..................