Внимание!
Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55
НҰР ОТАН партиясына
………….
ИИН ....................
г. Алматы, пр. Абылай Хана, д. 79, 304 офис.
8 707 .................
Арыз
Сот шешімін орындамайтын борышкерлер мен алаяқтық жасаған қылмыскерлерден шығынды өндіру үшін енгізілген заңның жұмыс істеуіне прокуратура, полиция, сот кедергі жасауда. Және құзырлы органдар мен қылмыс жасаған адамдар арасында келісім бойынша заңның мағынасын өз мүддесіне бұрмалап пайдалануда. Ол: ҚРҚК Заңның 430 бабының «Заңды күшіне енген сот үкімін,сот шешімін, немесе өзгеде сот актісін, атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сондай ақ олардың орындалуына кедергі келтіру заңды қылмыстық жауаптылыққа тартылады» және оның № 6 тармағында «Борышкер іс әрекеттер арқылы сот актісінің уақытылы орындалуына кедергі жасаған жағдайда» ( Сот орындаушының алдына келуден жалтару, сот орындаушыға жұмыс орнының ауысқаны және тұрғылықты жерінің ауысқаны жөнінде хабарламау, сот орындаушының талаптарын орындамау, сот орындаушының заңды қызметіне кедергі келтіру ..ттс.) атқарушы органдар заңда көрсетілген жағдайларда кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде мәселені қарауға міндетті»- деп көрсетілген. Бірақ, осы заң бойынша борышкер алаяқтырды құзырлы органдар Заңның 35 бабында 19.12.2003ж бекітілген 12 нормативтік бөлігі: « Борышкердің сот актісінің белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін орындауға нақты мүмкіндігі болмауы оның қылмыстық жауапкершілікке тартудан босатады»- деген бөлігіне сілтеп жаба салады.
Заңның 35 бабын Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері өз ыңғайына пайдаланып « мүмкіндігі болмауы» деген тарапқа «дүниесі жоқ, жұмысы жоқ,банкте шоты жоқ болса деп талқылап, борышкер- алаяқ- ұрыларға жеңілдік жасап, жауапкершліктен шығып кетуіне жағдай жасап отыр. Өйткені, прокуратура және сот полицияның шешімін қолдайды. Бұл нормативте -дүниесі, жұмысы жоқ болса- деп көрсетілмеген. Мүгедек емес, зейнеткер емес, жұмыс істей алатын жас адамды- мүмкіндігі жоқтың санатына жатқыза салады. Жауапкершіліктен қашқан адам: дүниесін өз атында ұстамайтыны, ресми түрде жұмысқа тұрмайды,банкте шот ашпайды. Ал органдар табыс табу көзі ретінде пайдаланады деп санаймын.
Мына істе полиция департементі, прокуратура, сот осы нормативті пайдаланып отыр:
09.02.20..ж Алматы қаласы, Алатау ауданы соты шешімі бойынша, борышкер 1981 жылы туған,бұрын ұрлықпен сотталған А.Коспаевтан 959000 тенге өндіру жөніндегі іс бойынша қанағаттандырылған. Борышкер қашып, іздеу салынып, бірнеше рет ұсталған. Сот орындушының талаптарын бірнеше жылдан бері орындамай, сот шешімін орындаудан қашып жүрген адам. Сол себептен,ҚР Заңның 430 бабына сүйеніп, Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне арыз жаздым. Бірінші, полиция тіркеуден бас тартты. Одан соң , қызметкерлері бірнеше рет, еш тексеруден өткізбестен, қашып жүрген борышкерді іздеу салмастан, істі заңсыз жауып тастап отырды. Прокуратураға бір жыл бойы шағым түсіріп, табанды күресімінің арқасында, прокуратура рұқсат беріп, 19.04.20... ЕРДР №..... тіркелді. Сонда, полиция офицерлері: «Заңның 430 бабы жұмыс істемейді, бұл бап бойынша жұмыс істесек, жұмыстан шығамыз» деген қорқыныштарын сылтау қылып мені қайтаруға әбден үгіттеді.Мен көнбеген соң, полиция қызметкері капитан Г Пашаев пен бөлім басшысы полковник С Хиншало екеуі келісіп, қулыққа салып, шешім мен протоколдың мәтінін бір біріне қайшы келетін ақпаратпен ,прокуратураны күмәнданбайтындай етіп, істі сотқа жеткізбеудің бар амалын жасап, жауып тастады. Полиция қызметкері Г Пашаев шешімде және істің протоколында: борышкер Коспаевты жұмыс істеп табыс табады деп көрсете отырып, сол 12 нормативке сілтеме жасап, борышкердің қаражатты қайтаруға мүмкіндігі жоқ деп шығарды. Шешімнің мәтініне мүмкіндігі жоқ деген сөздеріне себеп ретінде, прокуратура алдында таза болу үшін, борышкердің 20.. жылы, 11 жыл бұрын туберкулездің жабық түрімен ауырып ем алғанын,қазіргі кезде ауырады деп, еш дәлелсіз, және 16 жасында ұрлықпен сотталғанында осы шешімге енгізген. Содан соң, борышкер ..................... : Енді мені ұятқа қалдырма деп менің көзімше өтініп қолдап жіберді.
Борышкер .... 38 жастағы азамат. Дені сау, аяқ қолы түгел, мүгедек емес, зейнеткер емес. Кәсіби мамандығы- «сварщик». Сол арқылы табыс табады. Егер ол табыс тапса, ай сайын төлеп тұрады деген уәде берген болса, ол қалай мүмкіндігі жоқ адамға жатады? Сонда, ұрлықпен сотталғанынан жұмысқа тұра алмай жүрген болса, 22 жыл қалай күн көрген? Яғни бұл адам ұрлықпен күн көрген деген сөз. Егер ол ауыру болса, 11 жылдан бері туберкулез ауыруын халыққа жұқтырып жүр деген сөз. Ендеше полиция ондай адамды еркіндікке ешқандай тәртіпке салу жұмыстарын жүргізбестен, жауапсыз жіберіп отыр. Мұндай полицияның қолдауынан соң, борышкер сот орындаушы тұрмақ, полицияны ескермейтін болды. Бұл полицияның арсыз іс- әрекеті борышкерді жауапкершіліктен кетіріп, жағдайын жасағанының арқасында борышкер еш жауапсыз сот шешімін орындамай қашып жүр. Сот полицияның іс әрекетін қолдап отыр. Бұндай полициядан қайтып келген істі ешбір сот орындаушы алудан бас тартады.
«Заңның 35 бабының 2003 жылдан бері 16 жыл бойы толықпаған, өзгермеген нормативіне өзгеріс енгізу қарастырылсын»- деген өтінішпен екі рет «Нур Отан» партиясы жетекшілері атына өтініш хат жазғам. Бірақ, менің өтнішімді партия Әділет министрлігі, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жолдап жіберіп отырды.Олар заң өзгертуге қатыспайтын органдар.Жоғарғы соттан нәтиже жоқ.
Сол себептен, НҰР ОТАН партиясынан: Азаматтық сотпен сотқа тартылған алаяқ- борышкерді сот шешімін орындату үшін жауапкершілікке тарту 430 бап бойынша оларды абақтыға жаппаса, 15 тәулікке отырғызу, жұмысқа міндеттеп салуды және басқада амалдарын нормативке енгізу қарастырылып, шығынды өндіртуді заңға енгізуді талап етуді сұраймын.
___________/.........................
«___»________20... год