Внимание!
Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55
НҰР ОТАН партиясына
………………………..
ИИН .....................
г. Алматы, пр. Абылай Хана, д. 79, 304 офис.
8 707 ..........
Өтініш Арыз
31.10.20.. ж мемлекеттік мемекеменің атын жамылып он жыл бойы акиматқа тиесілі жер деп сатамын деп сенімге кіріп 6000 АҚШ долларын алаяқтықпен жымқыған 19.. ж туған А. .............., алаяқтық бабымен 177/3 сотталған. Сот алаяққа ауыр қылмысы үшін, жеңіл жаза – шартты түрде 4 жыл берді. Менің Заңның «Қылмыстық істе материалдық және моральдық шығындарды өндірту жөніндегі» бабы бойынша берген талап- арызымды, заңсыз қараусыз қалдырды. Аппеляциялық сот та менің арыздарымды қарамады. Бірақ, ауыр қылмыс жасады деп сотталған ................., жеңіл және орта жаза алғандармен бірге 20.. жылғы амнистияға ілігіп, мерзімін қысқартып берді. Жоғарғы сотқа жазған арызымды 27.02.20..ж қарап, Алматы қаласы соттарының шығарғын шешімдерін заңсыз деп бұзып, аппеляциялық сотқа қайта қарауға қайтарды. Бірақ, Алматы қаласының аппеляция соты қайтадан, маған келтірген моральдық зиян мен қаражатыма келтірген материалдық залалды қарамай, 24.04.20..жылы соттың № ................... шешімімен .............. тек тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген 1 333 174 теңге мүліктік зиянның өтелуімен шектелді. Сот, кәсибі алаяққа қоғамға зияны жоқ деп еркіндікке шығарып отырып, менің қаражатымды қайтармай көп жылдар бойы қашып: Жерсіз, уйсіз қалып, пәтер жалдап,,алаяқтан қаншама балағат сөздер, қорқыту, бопсалауды естіп жүріп, қанша жыл бойы жуйкесін тоздырғанда соның кесірінен ден саулығы бұзылған, қаншама емге уақытын қаражатын кетіріп қиындықтар кешкенде, әділдік іздеп бармаған жері қалмай қорланып қиналғанда, сол зиянның дәрежесін әдейі ескермей, жымқырған қаражатыма көп жылдар бойы келтірілген материалдық залал мен зор моральдық зиянды өндіру туралы арызымды, қасақана қараусыз қалдырды
ҚПК-нің 168-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы (04.04.2013 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 1 нормативтік қаулысының 15-тармағына сәйкес, мүлікті ұрлау салдарынан келтірілген зиян жәбірленушіге шешім қабылданатын күні қалыптасқан бағалар ескеріле отырып өтеледі. Келтірілген зиянды шешiм шығаратын күні қалыптасқан бағаларды ескеріп өндіру туралы ұқсас талаптар «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі (31.03.2017 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 5 нормативтік қаулысының 20-тармағында да көрсетілген Сонда сот сотталушы ............. жәбірленушіге қарсы жасаған қылмысы ҚК- нің 11- бабы 4- бөлігі бойынша ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады деп нақты көрсетіп алып, оны қылмыскер емес, оны заңсыз борышкер жасап отыр. Ол жәбірленушіден қарызға ақша алды деп емес, алаяқтық жасап қылмыс жасады деп дәлелдеп тұр емес па, осы заңсыз шығарған қаулысымен сот өзі шығарған үкімді жоққа шығарып отыр. Заңда, қылмыстық істе, қылмыс жасау арқылы адамға моральдық, материалдық және физикалық зиян келтірілген дегенге негіз бар болса, онда сол адам жәбірленуші деп табылады деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71-бабында «Жәбiрленушi», келесідей мәлімет берілген: Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады делінген және жәбiрленушiге қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк зиянды қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етiледi деп нақты аталып кеткен.
Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 5 тармағында моральдық зиян залал келтіргеннің кінәлі болған жағдайында өтеледі және Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі деп көрсеткен. Және, осы нормативтік қаулының 6 тармағында АК-нің 917-бабының 1-тармағына сай, моральдық зиянды құқыққа қарсы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға оны толық көлемiнде өтеуге тиiс деп дөп басып айтылған.
Сот шешімі шыққалы, пробациялық мерзімде жүрген алаяқ Аданов сот шешімін орындамай қашып жүр. Сол Алаяқтық істің аткару кағазы №7513-16-00-1/422-2 бойынша сот орындушылар: алаяқтың дүниесі жоқ болса өндіре алмаймыз деп орындағысы келмейді. Қаскелең ауданының Сот орындаушы Р. Бұғыбавқа, кезекші арқылы атқару қағазын әрең өткіздім. А Аданов пробациялық мерзімі өтеп бітпеген адам,сот шешімін орындамай, қаражатты қайтармай бір жылдан асты қашып жүр. Жоғарғы сотқа арыз 17.04.2019 жылы қайта жіберіліп ауыр қылмыс жасаған алаяқтың маған келтірген моральдық зиянын және қаражаттқа келтірген материалдық залалды өндіру жөнінде талап қойылды. Адановтың алдынғы сот шешімінорындамай қашып жүргені, 2013 жылы басқа азаматтың қаражатын қайтармай азаматтық сотпен іске тартылып оданда қашып жүргені дәлелдемелермен айтылды. Бірақ, Жоғарғы сот, жоғарыдағы келтірген заңның баптарына қарамай, ауыр қылмыс жасап сотталған алаяқты, пробациялық қызметтен қашып, сот шешімін орындамай екі адамның қаражатын көп жыл бойы қайтармай қашып жүрген адамды, моралдық зиян келтірмеді, қаражатқа залал келтірмеді деп таныды. Өйткені, судья бір бірінің шешімдерін қолдап, алаяққа қолдау жасап отыр.
Сот щещімін алты адан астым уақыт орындамаған жағдайда Заңның 430 бабымен бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Бірақ, бұл заң тағы алаяқтың пайдасына жүреді. Ал,барлық сот шешімін коррупциялық әдіспен өз пайдасына шештіріп келген алаяқ А .............. нормативік қаулысы бойынша: сот шешімін орындауға мүмкіндігі жоқ болса қылмыстық жауапкершіліктен босайды делінгеніне қарай, алаяқ ............... осыған жағдайын келтіріп, қаражатты қайтармаудың барлық мумкіндіктерін пайдаланып, сот орындаушы берген ақпарат бойынша:дүниесі жоқ, банкте ақшасы жоқ, жұмысы жоқ деп жасап алған. –. Осы әдіспен 20.. жылы азаматтық сотпен ................... деген азаматтың 5500000 тенгесің осы уақытқа дейін қайтармаған. Заң өзгермейінше алаяқтар сот шешімін ешқашан орындамайды ................- зейнеткер емес, мүгедек емес,еңбекке жарамды адам, бірінші кезекте- қылмыскер. Барлық алаяқтарда осы баптарды қулықпен пайдаланып, сот шешімін орындамай, жымқырған қаражатты қайтармай өмір бойы жүре береді. Заңның бұл баптарын судьяларда корупциялық жолда пайдаланады. Сол себептен азаматтық талап арызды қылмыстық істе қарамай азаматтық сотқа бар деп үгіттейді. Келіспесең арызды қараусыз қалдыра салады. Өйткені, қылмыскерді қылмыстық соттан алып шығу, азаматтық сотқа қылмыскерді борышкер жасап, моральдық зиянды төлетпей, соңында осы бапттармен сот шешімін орындауға жағдайы жоқ деп шығару мақсатында жасап алған. Осының барлығына менің қылмыскер алаяқ Аданов бойынша берген барлық соттардың шешімі дәлел.
Сол себептен НҰР ОТАН патиясынан сұраймын: Жоғарғы соттың нормативтерінде осы бапттар бойынша:
1. шартты түрде жаза берген қылмыскерге жәбірленушіге келтірген моральдық зиян мен жымқырған қаражатқа келтірген материалдық залалды заңның аталған бапттары бойынша орындатуын талап ету.------Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 5 тармағында моральдық зиян залал келтіргеннің кінәлі болған жағдайында өтеледі және Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі деп көрсеткен. Және, осы нормативтік қаулының 6 тармағында АК-нің 917-бабының 1-тармағына сай, моральдық зиянды құқыққа қарсы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға оны толық көлемiнде өтеуге тиiс. ҚПК-нің 168-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы (04.04.2013 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 1 нормативтік қаулысының 15-тармағына сәйкес, мүлікті ұрлау салдарынан келтірілген зиян жәбірленушіге шешім қабылданатын күні қалыптасқан бағалар ескеріле отырып өтеледі. Келтірілген зиянды шешiм шығаратын күні қалыптасқан бағаларды ескеріп өндіру туралы ұқсас талаптар «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі (31.03.2017 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 5 нормативтік қаулысының 20-тармағында да көрсетілген
2. ҚРҚК Заңның 430 бабының «Заңды күшіне енген сот үкімін,сот шешімін, немесе өзгеде сот актісін, атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сондай ақ олардың орындалуына кедергі келтіру заңды қылмыстық жауаптылыққа тартылады» және оның № 6 тармағында «Борышкер іс әрекеттер арқылы сот актісінің уақытылы орындалуына кедергі жасаған жағдайда» ( Сот орындаушының алдына келуден жалтару, сот орындаушыға жұмыс орнының ауысқаны және тұрғылықты жерінің ауысқаны жөнінде хабарламау, сот орындаушының талаптарын орындамау, сот орындаушының заңды қызметіне кедергі келтіру ..ттс.) атқарушы органдар заңда көрсетілген жағдайларда кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде мәселені қарауға міндетті»- дегенді алаяқтық істе орындату.
б) ҚК 35 бабының ЖС 19.12.2003 жылғы №12 нормативтік қаулысына толықтырулар енгізу арқылы борышкердің сот шешімін орындауға жағдайы жоқ дегенге тек оның дүниесін, банкте шоты мен жұмысы жоқтығын ғана келтіріп, органдар мен алаяқтарға қулық жасауын тоқтатып, сот шешімін орындатқызуды талап ету. Еркіндікте жүрген борышкер- алаяқты күштеп жұмысқа салып, сот шешімін орындатқызу қаралсын.
___________/..............
«___»________20.. год