Внимание!!!
Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Д.А.Қонаев көшесі 39 үй
ҚР ҚК нің 177 бабының 3 бөлігі бойынша жәбірленуші ........... ЖИН 7........... Алматы қаласы ...... көшесі ...-ші үй, 2 офис, ұ.т. .................
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының № ........... қылмыстық іс бойынша 20... жылғы 31 қазандағы қаулысына, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 4 сәуір 20... жылғы қаулысына
К А С С А Ц И Я Л Ы Қ Ш А Ғ Ы М
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты ......... төрағалығымен 20........ жылдың 31 қазанында ҚР ҚКнің 177 бабының 3 бөлігімен сотталушы ........... ҚР ҚКнің 177 бабының 3 бөлігі б) тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығын айыру жазасын шартты түрде тағайындалсын деп ҮКІМ еткен (7513-16-00-1/422 іс).
Осы үкімде азаматтық талап арыз жөнінде мәселе Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20.. жылдың 31 қазанындағы қаулымен шешілген деп көрсетілген.
Осы Әуезов аудандық соты менің Конституциялық құқықтарымды өрескел бұзып, өз Қазақстан азаматының құқықтарым мен мүдделерімді қорғау мүмкіндігімді шектейтін заң бұзушылықтарына жол берді. Бірінші сатыдағы соттың шешімі қолданыстағы заңнамаға қарама қайшы келеді және істің мән жайларына сәйкес келмейтіні анық.
1 Бірінші:.Сот 20... жылдың 31 қазанындағы менің азаматтық талап арызым бойынша шығарылған сот актісінде қаулы етті: жәбірленуші .... сотталушы ............ жәбірленушіге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген 899 580 теңге мүліктік зиянның өтелгендіктен, 1 990440 теңге мүліктік шығынды және 1 990440 теңге моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын.
ҚР ҚПКнің 170 бабының 6 бөлігіне сәйкес сот талап қоюды:1) сотталушы қылмыстық құқық құрамының болмауына байланысты ақталған; 2) есі дұрыс емес адамға мәжбірлеу шарасын қолдануға ... іс тоқтаттылған; 3) іс осы Кодекстің 35 бабы 1 бөлігінің 5),7),8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған; 4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайда , қараусыз қалдырады.
Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Сот заңсыз, ............... мүліктік шығынды және моральдық зиянды өндіру жөніндегі азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын деп қаулы етті. Сотталушыны ешкім ақтаған жоқ, керісінше ауыр қылмыс жасады деп тауып кінәлі деп тапты, мен ешқандай да қараусыз қалсын деп арыз түсірген жоқпын. Сол себепті соттың менің талап арызымды қараусыз қалдыруы заң талаптарына қарама қайшы келеді, қылмыстық процестік заңның елеулі түрде бұзылуына әкеліп соғады
Сот қаулысында ҚР АКнің 951 бабын заңсыз қолданып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» № 7 нормативтік
қаулысын дұрыс талқыламай, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп сотталушы ............ ҚР ҚКнің 177 бабының 3 бөлігі б) тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп таныды да, заңсыз Азаматтық кодекстің 951 бабына сәйкес заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық мүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсіздік) арқылы келтірілген моральдық зиян өтелуге жатпайды және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» № 7 нормативттік қаулысына сәйкес борышкердің мүліктік құқықтарын қозғамайтын міндеттемелердің тиісті түрде орындалмауы АҚнің 951 бабының 4 тармағына сәйкес моральдық зиянды өтеу мүмкіндігін болдырмайды деп заңсыз анықтады.
Сонда сот сотталушы ............ маған қарсы ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп тани тұра, оны қылмыскер емес, оны заңсыз борышкер жасап отыр. Ол менен қарызға ақша алды ма екен, не алаяқтық жасап қылмыс жасады ма екенін осы заңсыз шығарған қаулысымен сот өзі шығарған үкімді жоққа шығарып отыр. Заңда, қылмыстық істе, қылмыс жасау арқылы адамға моральдық, материалдық және физикалық зиян келтірілген дегенге негіз бар болса, онда сол адам жәбірленуші деп табылады деп көрсетілген. Сонда соттың, 2012 жылдан бастап ............ менің мүлкімді алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқыру, алаяқтықпен саралап қылмыс жасаған деп танып, мені жәбірленуші деп тани отырып, моральдық зиян шеккен жок деп шешу -нағыз заң бұзушылық. Сот,мені алаяқтың жер алып беремін деп алдап дүниемді жымқырғанына,уйсіз-куйсіз қалдырып, төрт жыл бойы алдап, балағаттап, қорқытып, мазақ қылып қорлағанда мені: қорлыққа, психикалық куйзеліске, дискомфорттық жағдайға, жан ауыруына түскен жоқ деп, рахаттанып жүр деп тауып отыр.
Соттың сілтеме жасап отырған ҚР ЖС №7 нормативтік қаулысының 5 тармағында моральдық зиян залал келтіргеннің кінәлі болған жағдайында өтеледі деп көрсеткен.
Және, осы нормативтік қаулының 6 тармағында АК нің 917бабының 1 тармағына сәйкес, заңсыз іс әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген моральдық зиянды,оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс деп көрсеткен.
Әуезов аудандық сотының 31.10.2016ж. менің азаматтық талап арызым бойынша шығарылған қаулысының заңсыз болуына байланысты бұзылуға жатады.
2. Екінші:Менің құқықтық сауатсыздығымды пайдаланып, маған менің азаматтық талап арызым бойынша сот актісі шыққанын түсіндірмей, сот хатшысы тек үкімді ғана берді. Хатшының айтуымен бес кун ішінде Үкімді барып алдым..Cот тарапынан ешқандай сот актісі уақытылы берілген жоқ. Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20... жылдың 31 қазанындағы менің азаматтық талап арызым бойынша шығарылған сот актісін, қаулысын сотқа арыз түсіріп, тек 02.02.20...ж. алдым. Ал соттың қаулыны 09.11.20..ж. шығыс номерімен тіркеп почтаға жібергеміз деген жауабы, почтаның берген ақпаратымен сәйкес келмейді. Почтаның ақпараты бойынша соттан хат 16.11.20... ж. жіберілген және адресатқа жетпеген. Яғни апелляциялық шағым беру уақытынан өтіп кеткен соң. Мен үкім бойынша апелляциялық шағым уақытылы бердім. Бірақ, апелляциялық сот шағымды менің қатысуымсыз, маған хабарламай өткізіп жіберіп, менің конституциялық құқықтарымды бұзып отыр.
Сот қаулысын алмаған себебінен апелляциялық жеке шағым беру мерзімім сақталып, немесе, шағым беру мерзімін қалпына келтіруге болады деп санаймын.. Сол себептен Әуезов аудандық сотына талап ретінде 07.02.20...ж. түсірілген өтініш хат арқылы шағым беру мерзімі қалпына келтірілуін сұрадым Алайда, 13.02.20...ж.
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы ................. заңсыз, азаматтық талапкер ............. судьяның 20... жылғы 31 қазандағы материалдық және моральдық шығынды .... өндіру жөніндегі азаматтық талап қоюы қанағаттандырусыз қалдыру жөніндегі шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылсын деп 13.02.20...ж. заңсыз қаулы етті. Осы қаулыда қанағаттандырусыз қалдыру жөніндегі қаулыға шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылсын деп, қаулының мағынасын өзгертіп бұрмалап отыр.Себебі 20... жылдың 31 қазанындағы соттың қаулысында шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын деп қаулы еткен. Оған қоса Әуезов аудандық сотының судьясы ..... 20...жылдың 13 ақпанында менің шағым беру мерзімін қалпына келтірілуі туралы өтініш хатымды заңсыз ҚР ҚПКнің 419 бабының талаптарын өрескел бұзып, сот мәжілісінде қарамай, мені шақырмай, менен түсініктеме алмай, заңсыз қанағаттандырудан бас тартылсын деп қаулы етті.. Осыған байланысты менің сот отырысының аудио бейне жазбасын беру туралы Әуезов аудандық сотына 01.03.20...ж. берген өтініш хатыма, соттың барлық отырысының АВЖсын беріп,31.10.20... ж.күнгі АВЖсын бермей,менің 03.03.20... ж. қайта өтініш бергенімде, өтірік : сот залындағы аудио және видео жазбалардың 31 қаңтар 20..ж. техникалық ақауларға байланысты істен шыққан деп акт толтырып берді. Үкім жариялаған күннің 31 қараша 20...ж. сот отырысының АВЖсы жоқ болып кеткенінен, сол кезде менің азаматтық талабым бойынша қаулының болмағанын, оны кейіннен сот үкімге заңсыз кіргізгені дәлел.
Әуезов аудандық сотының судьясы .... 13.02.20...ж. заңсыз шығарған қаулысы заңсыз болуына байланысты күшін жоюға жатады.
ҚР ҚПКнің 433 бабына сәйкес соттың қаулыда айтылған түйіндерінің істің нақты мән жайларына сәйкес келмеуі, қылмыстық процестік заңның елеулі түрде бұзылуы қаулының күшін жоятын негіздер болып табылады.
Осы жоғарыда көрсетілгендерге, ҚР ҚПКнің талаптарын соттың өрескел бұзғанына байланысты, ҚР ҚПКнің 431бабының 1 бөлігінің 7) тармағына сәйкес, апелляциялық сот алқасынан заңды түрде Әуезов аудандық сотының 2016 жылдың 31 қазанындағы жәбірленушінің мүліктік шығынды және моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын деген қаулысының күшін жоюын сұрадым, негізгі себептермен сот қаулысы алынбауына байланысты, шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруге апелляциялық сот алқасының құзырына кіреді деп ойлаймын. Барлық көрсетілген дәлелдер нақты ұсынылғанына қарамастан, апелляциялық сот алқасы, жәбірленушінің жеке шағымында келтірілген уәждер сот қаулысының күшін жоюға жеткіліксіз және бұл тұжырымдар сот қаулысын бұзуға негіз бола алмайды, өйткені аудандық, апелляциялық сотқа да жәбірленуші тараптарынан шағымдану мерзімін өткізіп алғаны жөнінде себепті негіздер ұсынылмаған деген заңсыз тұжырымға келген.
Апелляциялық сот алқасының еш дәлелсіз, өз тұжырымына өзі қарама қайшы келетін уәждерді заңсыз анықтағаны: 10 қараша 20... жылы жәбірленуші ............. Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20...жылғы 13 ақпандағы сот үкіміне апелляциялық шағым келтірген, 21 желтоқсан 2016 жылы аталған шағым апелляциялық тәртіпте қаралып, қанағаттандырусыз қалдырылған, яғни, жәбірленуші .............. сот үкімін шағымдану кезінде қаулыға бір уақыттта жекеше шағым беруіне мүмкіндігі болған, алайда жәбірленуші шағымдану 15 тәулік мерзімін өткізіп алып, аудандық сотқа тек 20.. жылы 7 ақпанда шағым келтірген.
Апелляциялық сот алқасының тұжырымда Әуезов аудандық сотының 20..жылғы13 ақпандағы сот үкімін қайдан алып отырғаны маған түсініксіз. Себебі Адановтың үстінен қылмыстық істі менің қатысуыммен Алматы қаласы Әуезов аудандық соты .......... төрағалығымен 20... жылдың 31 қазанында қарады. Және апелляциялық сот қаулысында қорғаушы С.Жақсылықовтың жеке шағымға қарсы пікір айтты деп заңсыз анықтаған. Сот отырысында қорғаушы ........... қарсылық пікір білдірген жоқ, ол соттың құзырына бердім деп көрсетті, себебі менің қаулыны алмағанымды ол да анық білген. Оның барлығы сот отырысының аудио бейне жазбасында анық көрініп тұр. Оның үстіне менің құқықтарымды қорғау үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасына төленген 120 000 тенге шығынымды да апелляциялық соттан шығаруын сұрап түсірген арызымды заңсыз қарамай, ол арызым бойынша шешім шығармады
Апелляциялық сот алқасы 04.04.20...ж. сот отырысында ҚР ҚПКнің 24 бабына сәйкес істің мән жайларын жан жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануға және заңды жан-жақты қарауға міндетті еді. Ондай немқұрайды қарамаса қаулы бұзылатын еді деп ойлаймын.
Апелляциялық сот алқасы өз қаулысында ҚР ҚПКнің 419 бабының 3 бөлігінің талаптарын толығымен келтіре отырып, соттың қаулыда айтылған түйіндерінің істің нақты мән жайларына сәйкес келмеуіне, қылмыстық процестік заңның елеулі түрде бұзылуына, қаулының күшін жоятын негіздер болып табылатынына қарамай заңсыз қаулыны өзгертусіз қалдырылсын, азаматтық талапкердің жеке шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын деп қаулы етті...
. Басты себеп: егер сот алқасы 20.. жылдың 13 ақпанындағы Әуезов аудандық сотының судьясы ......... мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы заңсыз шығарған қаулысының заңсыз болуына байланысты күшін жойса, онда сот алқасы осы судьяның 20... жылдың 31 қазанындағы жәбірленушінің азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын деп шығарған қаулысын заңсыз болғандықтан жоюына тура келеді. Тек, сол себептен, сот алқасы барлық дәлелдің жеткілікті екеніне көздері жете тұра заңды бұзып, судьяның, атап айтқанда ........... басын аман алып қалудың амалын жасады деп түсінемін. .............. Е.............. хатшысы екеуі менің ісімнің алға жылжымауына барлық кедергілер жасап тырысты. Менің арыздарым соттың канцеляриясына түсу үшін, алдымен судьяның хатшысының тексерісімен өтуін талап еткен..
Әуезов аудандық соты мен Алматы қалалық соты өз шешімдерімен менің Конституциялық құқығымды толығымен өрескел бұзып отыр деп есептеймін
ҚР ҚПКнің 433 бабына сәйкес соттың қаулыда айтылған түйіндерінің істің нақты мән жайларына сәйкес келмеуі, қылмыстық процестік заңның елеулі түрде бұзылуы қаулының күшін жоятын негіздер болып табылады.
ҚР ҚПКнің 456 бабына сәйкес апелляциялық саты қаулысының күшін жоятын немесе оларды өзгертетін негіздер қылмыстық процестік заңның елеулі түрде бұзылуы болып табылады.
Осы жоғарыда көрсетілгендерге, ҚР ҚПКнің талаптарын соттың өрескел бұзғанына байланысты, ҚР ҚПКнің 455 бабының 6) тармағына, сәйкес
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
Алматы қалассы Әуезов аудандық сотының 20... жылдың 13 ақпанындағы Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының азаматтық талапкер ............ судьяның 20...жылдың 31 қазанындағы материалдық және моральдық шығынды .... өндіру жөніндегі азаматтық талап қоюы қанағаттандырусыз қалдыру жөніндегі қаулыға шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылсын деген қаулысының күшін жоюын.
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 4 сәуір 20... жылғы Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының сотталған .......... материалдық және моральдық шығынды өндіру жөніндегі азаматтық талапкер ........... судьяның 20... жылдың 31 қазанындағы материалдық және моральдық шығынды ......... өндіру жөніндегі азаматтық талап арызын қараусыз қалдыру туралы қаулысына шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырылсын деген қаулысының күшін жоюға.
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20... жылдың 31 қазанындағы жәбірленушінің мүліктік шығынды және моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын деген қаулысының күшін жоюын.
Жаңа қаулы қабылдау арқылы менің мүліктік шығынымды және сотталушының қылмыстық іс әрекетімен маған келтірілген моральдық зиянды, адвокаттың құқықтық көмек көрсеткені үшін төленген 120 000 (жүз жиырма мың) тенге шығынымды сотталған ............. өндіріп беруін.
Тіркеме:
1. .................
Жәбірленуші ................ 29.08.20.. ж.