Внимание!!!
Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Д.А.Қонаев көшесі 39 үй
ҚР ҚК нің 177 бабының 3 бөлігі бойынша жәбірленуші ............... ЖИН .............. Алматы қаласы ....көшесі ....-ші үй, 2 офис, ұ.т. 8707.............
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының № ..... қылмыстық іс бойынша 20...жылғы ... қазандағы үкіміне, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 21 желтоқсан 20... жылғы № ..... қаулысына
К А С С А Ц И Я Л Ы Қ Ш А Ғ Ы М
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты .......... төрағалығымен 20.. жылдың 31 қазанында ҚР ҚКнің 177 бабының 3 бөлігімен сотталушы ...... ҚР ҚКнің 177 бабының 3 бөлігі б) тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығын айыру жазасын ҚКтің 63 бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған мүлкі тәркіленбей, үш жылға сынақ мерзімі мен пробациялық бақылау белгіленсін деп ҮКІМ еткен (............... іс).
20... жығы 21 желтоқсанда Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз, жәбірленушінің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын деп заңсыз қаулы етті (№ .....).
Әуезов аудандық сотының 20.... жылдың 31 қазанындағы үкімі заңсыз болуына байланысты бұзылуға жатады.
Менің құқықтық сауатсыздығымды пайдаланып, менің Конституциялық құқықтарым өрескел бұзып, өз Қазақстан азаматының құқықтарым мен мүдделерімді қорғау мүмкіндігімді шектейтін заң бұзушылықтарына жол берілгені, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың шешімдері қолданыстағы заңнамаға қарама қайшы келетіні анықталды және істің мән жайларына сәйкес келмейтіні анық.
ҚР ҚПКнің 433і бабына сәйкес, үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге соттың үкімде, қаулыда айтылған түйіндерінің істің мән жайларына сәйкес келмеуі, қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы, жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі негіз болып табылады деп көрсетілген.
Бірінші сатыдағы сот, сотталушы ............... маған қарсы ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп тани тұра, заңсыз қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлар ретінде кінәлі адамның материалдық шығынды қайтарғанын және кінәсін толық мойындағанын таниды деп еш дәлелсіз тұжырымға келген, және Қазақстан Республикасы ҚКнің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп санаған.
Себебі, біріншіден, материалдық шығын толығымен қайтарылған жоқ, екіншіден, ҚР ҚКнің 53 бабында: қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлар деп, шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу делінген.
Алаяқтық жасап ............. мені жер алып беремін деп алдап 6 000 АҚШ долларын алып, мені үйсіз, жерсіз қалдырды. 20... жылдың шілдесінен 20... жылдаң соңына дейін төрт жыл бойы ............. іздеп, оның артынан ақшамды қайтар деп жүгірумен болдым. Ол алдап, менен және қылмыс қудалау органынан қашып, ақшаны қайтармаудың бар амалын жасап тығылумен болды. Төрт жыл бойы, мені әбден мазақ қылып, телефон байланысы арқылы қорлап, алдап, балағаттап, қорқытып келді. Сот барысында менің материалдық және моральдық шығынды өтеу, және ақша доллармен болғандықтан Жоғарғы соттың нормативіне суйене отырып, соттың үкімі шығатын күнгі курспен есептеп өндіруін талап еткен арызымды қабылдағанына қарамастан, Адановтың туыстарына қулықпен менің атыма Қазпочта арқылы соттың Үкімі шығатын күні 900000 теңге аудартқызып демеу жасап, соттың Үкімі шығатын күні жәбірленушінің талап арызы қараусыз қалдырылсын деп шешті. Бірақ, мен ол ақшаны сол кезде алғаным жоқ. Мен ол ақшаны алудан және оны почтадан анықтап келуден де үзілді-кесілді бас тарттым, өйткені менің құқығым толықтай бұзылу қауіпін сездім. Соған қарамастан, сот, процестің уақытын тоқтатып, ақша тускен туспегенін анықтап кел деп, сенің жағдайыңа еш қатысы жоқ, тек анықтап келсең болды, екеумізді де алдап кетпесін деп, судья ............ үгіттеген нұсқауымен барып, тек ақша түскенін анықтадым. Сот отырысында маған келтірілген зиян қайтарылған жоқ .Мен сотталушыны кешірмейтінімді, оған бас бостандығын айыру жазасын тағайындауын сұрап нақты айтқанмын. Осы көріністің бәрі процесстің аудио видео жазбаларда анық көрініп тұр. Сот, заңсыз, материалдық шығынды қайтарған деп тауып отыр. Оның үстіне ............. айыбын мойындап құқық қорғау органына келген жоқ, оны менің арызыммен полиция қызметкерлері артынан аңдып жүріп ұстады. Туысқандары мықты екен абақтыға жапқызбай шығарып алды. Соған қарамай, сот оны айыбын мойындап келді деп заңсыз тұжырымға келіп отыр.
Сонда сот 20... жылдан бастап ............. менің мүлкімді алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқыру, алаяқтықпен саралап қылмыс жасаған деп танығанын қайда жіберді?! Сол 20... жылдан бері ......... мені алдаумен болды, әділеттік іздеп бармаған жерім қалмады.Төрт жыл бойы алаяқтың алдауына түсіп, үйсіз-куйсіз жүріп, көп жыл жинаған ақшасынан айырылып, азап тозағында жүрген адам моральдық зиян шеккен жоқ деп шешу- нағыз әділетсіздіктің белгісі. Ата заңның 75 бабында көрсетілген: Қылмыстық істе, қылмыс барысында жәбір көрген адамға моральды, материалды және физикалық тұрғыда зиян келтірілген деуге негіз бар болса, онда ол адам - заңды түрде жәбірленуші деп танылады. Мені сот жәбірленуші деп таба отырып, моральдық, материалдық зиян шеккен жоқ деп заңсыз шешіп отыр.
Апелляциялық сатыдағы сот алқасы, заңсыз да еш дәлелсіз :".......... жасаған қылмысын толық мойындап, шын жүректен өкінгенін, бірінші сатыдағы сот сотталғанға бас еркінен айырмайтын шартты жазаны тағайындай отырып, оның түзелуі мүмкін деп дұрыс түйін жасаған, жасаған қылмыс санаты бойынша шартты жаза қолдануға қылмыстық заңмен шек қойылмағанын басты назарға дұрыс алған"- деп еш дәлелсіз, ешқандай негізсіз тұжырымға келген. Себебі, .......... бірінші сатыдағы сотта да, апелляциялық сатыдағы сотта да жасаған қылмысына шын жүректен өкінгенін айтқан жоқ, керісінше, сот үстінде дөрекілене сөйлеп, мойындаймын, мойындамаймын деп екі сөйлеп, менен жәбірленуші ретінде кешірім де сұраған емес, керісінше, маған туыстарымен қоса кешірім бер деп қысым жасап, төбелес шығарып, балағаттап қорлағаннан басқа ешқандай амал жасаған жоқ. Соттан мені туыстарының қысымынан, күш қолданғанынан, менің денсаулығыма зиян тигізуінен қорғауын сұрап, жәбірленушінің құқығы бабына сүйене отырып, "талап-тілек" арызын жазып сотқа өткізгем. Оған қоса материалдық шығынды да толық толтырған емес. Куәгерлердің тұжырымдарымен дәлелдеген факт бойынша, он жыл бойы БТИ кызметкерімін деп, алаяқтықпен айналысып келген адамның қоғамға зиян емес, және түзеледі деу үлкен қателік. Осының барлығын түйіндесек, екі сатыдағы соттардың тұжырымдары заңсыз екені айдан анық дәлелденеді.
Шын жүректен өкінбегені адамның түзелу жолына түспегенін көрсетеді, оның жеке басының қоғамға деген көзқарасының, қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, салдарын және ауырлылығын ескере отырып, оның түзелуі және қайта тәрбиеленуі тек қоғамнан оқшалауда ғана мүмкін екенін, сол себепті оған осы қылмысы дәрежеленген баптың санкциясы көлемінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды дұрыс деп санаймын.
ҚР ҚПКнің 433 бабына сәйкес бірінші сатыдағы соттың үкімінің және екінші сатыдағы соттың қаулыда айтылған түйіндерінің істің нақты мән жайларына сәйкес келмеуіне байланысты, қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауына байланысты, жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне байланысты шағымданып отырған соттардың актілері бұзылуға жатады. Сонымен қоса Апеляциялық сот алқасы менің шағымымды менің қатысуымсыз қарап, менің құқықтарымды түгелдей бұзғанына қарамастан, сотқа келмеуі сотты құрметтемеуі деп негізсіз тұжырымға келген.
Мен Үкімге апелляциялық уақытылы шағым бердім. Желтоқсан айының басында сотқа хабарласып, хатшының: Сот уақыттысы тағайындалған жоқ, сізге телефон арқылы хат жолдап хабарлап шақырамыз деген жауабын алдым.Бірақ, маған ешкім сотқа дейінде, соттан кейінде хабарлама жібермеді. Яғни сотты менің қатысуымсыз өткізіп жіберген.
Тек апелляциялық сот алқасы немқұрайды қарамай, сот отырысында менің, яғни жәбірленушінің қатысуымен ҚР ҚПКнің 24 бабына сәйкес істің мән жайларын жан жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануға міндетті екенін ұмытпай, заңды да жан жақты қараса, барлығы түсінікті болатын еді де, үкім бұзылатын еді деп ойлаймын.
ҚР ҚПКнің 433 бабына сәйкес соттың үкімде және қаулыда айтылған түйіндерінің істің нақты мән жайларына сәйкес келмеуі, қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы, жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі аталған сот актілерінің күшін жоятын негіздер болып табылады.
Осы жоғарыда көрсетілгендерге, ҚР ҚПКнің талаптарын соттың өрескел бұзғанына байланысты, ҚР ҚПКнің 455 бабының 6) тармағына, сәйкес
СОТТАН СҰРАЙТЫНЫМ:
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20.. жылдың 31 қазанындағы үкімін, Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 20.. жылдың 21 желтоқсандағы қаулысын өзгертіп, жаңа қаулы қабылдау арқылы сотталған ..................... бас бостандығын айыру жазасын тағайындауын, маған келген залады толық өндіруін.
Тіркеме:
1. .............
3. ............................
Жәбірленуші А..................
29.08.20.... ж.