Внимание!
Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55
Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасына
Алматы облысы, Талдыкорган қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 53 үй.
1501@sud.kz
8 7282 558 798, 558 805.
Азаматтық талапкер: ………………
ЖСН ……………….
Алматы облысы, Талгар ауданы, …. ауылы, ……………….көшесі, 134 үй.
+ 7707 ………………..
Азаматтық жауапкер: …………..
ЖСН ……………….
Алматы облысы, Карасай ауданы, …….. ауылы, ………………көшесі, 23 үй.
Апеляциялық шағым
Алматы облысының Қарасай аудандық сотының 2019 ж. 02 шілдегі шешіміне
2019 жылы 02 шілде күні Алматы облысының Қарасай аудандық соты құрамында: төрағалық етуші судья ................... сот отырысының хатшысы ................... қатысуыменашық сот отырысында қойылған материалдық шығынды өндіру туралы талап бойынша азаматтық істі қарап шығып талап қоюшы: ..................., жауапкер: ....................., үшінші тұлға: «Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ Сот АПК-нің 223-226 баптарын басшылыққа ала отырып Талап қоюшы .................... жауапкер ...................... қатысты материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдырылсын деген шешім қабылдады. Оған негіз болған төмендегі мән жайлар:
Азаматтық іс материалдарына сәйкес талап қоюшы .................. 20.11.2006 жылы ..................... 1992 жылғы шығарылымдағы «Мазда 626», мемлекеттік тіркеу нөмірі А .... HDN маркалы автокөлікті басқару үшін 3 жыл мерзімге сенімхат берілген. Алматы қаласы ПД-нің 10.06.2019 жылы ұсынған ақпаратына сәйкес, 1992 жылғы шығарылымдағы «Мазда 626», мемлекеттік тіркеу нөмірі А .... HDN маркалы көлік құралының иесі .................. болып табылады.
Бүгінгі күні талап қоюшы ..................... аталған автокөліктің ..................... сатылғанына сілтеме жасап, және салық бойынша қарыз соммасының бар екенін көрсетіп, материалдық шығынды өндіруді сұрап отыр.
ҚР АК-нің 167 бабының 1 бөлігіне сәйкес, бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.
ҚР АК-нің 188 бабының 3 бөлігіне сәйкес, меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Жоғарыда көрсетілген Заң нормасына сәйкес, талап қоюшы автокөлік құралының иесі ретінде қала отырып, оны басқа адамға сатпай, тек 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығын беру үшін сенімхат бергенін ескеру қажет.
Өз кезегінде, көлік құралының салығын төлеу иесі ретінде талап қоюшының мойнында қалады. АК-нің 188 бабының 4 бөлігіне сәйкес, меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс.
ҚР АПК-нің 72 бабының 1 бәлігіне сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғаныс құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелер және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс.
Сотқа, талап қоюшы ................ жауапкер .................. екеуінің арасында көлік құралын сатып алу – сату шарты жасалғандығын растайтын ешқандай дәлелдемелер ұсынылған жоқ. Сондықтан, сот жоғарыда көрсетілген негіздерді басшылыққа ала отырып, талап қоюшының талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп есептейді.
Құрметті апелляциялық алқа, мен бірінші сатыдағы сот шешімін заңсыз, негізсіз деп санаймын және келесі себептер бойынша жойылуға жатады
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 224-бабына сәйкес сот шешімі заңды және негізді болуы керек. Шешім іс жүргізу құқығы нормаларына сәйкес және осы құқықтық қатынастарға қолданылатын материалдық құқық ережелеріне толық сәйкес болған кезде қабылданған немесе осыған ұқсас қатынастарды реттейтін заңнаманы қолдануға негізделген, қажет болған жағдайда немесе азаматтық заңнаманың жалпы қағидаттары мен мағынасына негізделген кезде заңды болады. және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары тыс қалмауы тиіс. Іске қатысты фактілерді көрсететін, сот отырысында зерттеген дәлелдермен расталған, олардың маңыздылығы, қолайлылығы және сенімділігі туралы заңның талаптарын қанағаттандыратын немесе дәлелденуді қажет етпейтін белгілі жағдайлар болып табылатын және жиынтығында дауды шешуге жеткілікті негізді болған жағдайда шешім қабылдайды.
2006 жылдың қараша айының 20-сы күні мен ........................ (әрі қарай Азаматтық талапкер) және азамат ..................... (әрі қарай Азаматтық жауапкер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406 - бабы (Сатып алу-сату шарты), және 150-152 бабы (Жазбаша мәміленің нысаны және шарттары) тәртібімен азаматтық-құқықтық келісім жасалды.
Шарт бойынша Талапкер Наториалды берілген сенімхат бойынша өзінің меншігіндегі Мазда 626, 1992 жылғы, мелекеттік нөмірі А ... HDN, қораб №................., автокөлігін Жауапкерге сатқан, ал Жауапкер өз тарапынан аталған көлік құралын алып оның келісім ақысын Талапкерге төлеп, сенімхат бойынша берілген құқықтары бойынша өз атына аударып алуды уәде берген. Оған дәлель 2006 жылғы қараша айының 20 күніндегі жасалған сенімхат болып тұр өйкені Азаматтық талапкер Азаматтық жауапкерге келісімді орындауға байланысты барлық әрекеттерді орындауға және ол үшін қол қоюға рұқсат берылгендігі жайлы дөп басыл жазылған. Сонымен қатар 2006 жылдары Нотариустар осындай Сенімхаттарды беру арқылы әрбір көлік сатып алушы сатып алған көлігін еш кедергісіз құзырлы органдарда өз атына ресімдеп алым отырған мән жайлар баршаға белгілі және ол дәлелденуге жатпайтын мән жай деп есептейміз.
Осылайша, жоғарыда келтірілген дәлелдерден, бірінші сатыдағы соттың шешімі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып қабылданды.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 427-бабына сәйкес, соттың апелляциялық шағым бойынша шешімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер мыналар: іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дұрыс анықталмауы және нақтыланбауы; бірінші сатыдағы соттың іс үшін маңызы бар мән-жайларды дәлелдей алмағаны; бірінші сатыдағы сот шешімінің, істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; егер сот: егер қолданылуға тиісті заңды қолданбаған болса, материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын, сондай-ақ материалдық құқық нормаларын бұзған немесе дұрыс қолданбаған; қолданылмайтын заңды қолданды; заңды дұрыс түсінбеу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында ескерсек әркім өзінің бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға құқылы. Қазақстан Республикасы АІК 8 бабына сәйкес. әркім бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 15-бабына сәйкес, азаматтық іс жүргізу барысында тараптар өз ұстанымын, оны қорғаудың әдістері мен құралдарын соттан, басқа органдардан және адамдардан тәуелсіз түрде таңдайды жене Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (7, 8 және 10-баптар), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (14-бап) және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенция (6-бап) заң мен сот алдында барлығы тең және барлығы бірдей. өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, заң негізінде құрылған құзыретті, тәуелсіз және бейтарап сотпен істі ақылға қонымды мерзімде әділ және жария түрде тыңдауға құқылы.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 52-тарауын басшылыққа ала отырып,
Соттан сұраймын:
oАлматы облысының Қарасай аудандық сотының 2019 ж. 02 шілдегі № 1952-19-00-2/1602 азаматтық іс бойынша жауапкер ................. талап қоюшы ....................... пайдасына материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдырылсын деген шешімі - жойылсын;
oЖауапкер ...................... талап қоюшы ........................ пайдасына материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызы толығымен – қанағаттандырылсын.
Құрметпен,
________________/ ....................
"___"___________20__ жыл.